АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қаншама білімді қоқыс тазалау үшін жимаған еді ғой[:]

[:kz]

Әлемнің үш тілінде еркін сөйлейтін, өте білімді танысым бар. Ғылым кандидаты. Былтыр Швейцарияда докторантураны бітіріп, диссертациясын қорғап, PhD докторы деген атақ алды. Енді бір жыл болды, шетелдің Қазақстандағы елшілігінің бірінде қыста даласының қарын күреп, жазда гүлін суғарып, қоқысын тазартқыш болып жұмыс істеп жүр. «Бұл қалай болғаны? Мынандай атақтарыңмен жұмыс таппай жүрсің бе?» десем, «Жұмыс көп, жалақысы аз. Елшіліктегі тазалықшылығыма 450 000-дай жалақы аламын. Үйді 12 жылға несиеге алған адамға университет жалақысы жетпейді. Кредиттен бөлек бала-шағамды бағуым керек. Кредитім біткенде мамандықпен жұмыс істеймін ғой…» дейді.

 

Қаншама білімді қоқыс тазалау үшін жимаған еді ғой. Сонда ғалым адамын қу ақшаның құлы жасап қойғанына үкімет кінәлі ме әлде бұл нарықтың қатал заңдылығы ма…?

Көкейде сұрақ көп. Сіз не дейсіз?

 

Ерлан Жұрынбаев

Фейсбуктегі парақшасынан

alashainasy.kz

[:]