АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қаңғып жүрген арыстан алматылықтарды шошытты[:]

[:kz]

 

Әлеуметтік желіде Алматы қаласы маңындағы ауылдардың бірінде иесіз арыстанның жүргені туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға орнына Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Алматы облыстық территориялық инспекциясының инспекторлары барып қайтты. Аталған факті расталды. 

 

«Кеше, әлеуметтік желі беттерінде Алматы қаласы маңындағы ауылдардың бірінде иесіз арыстан жүр деген хабар тараған болатын.  Оқиға орнына Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Алматы облыстық территориялық инспекциясының  инспекторлары барып қайтты. Көрсетілген фактілер расталды», — деп жазды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Аян Мейрам өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Арыстанның қазіргі жағдайы қалыпты. Қазіргі таңда арыстанды орналастыратын жер қарастырылуда.

Арыстанның қала маңындағы ауылдарға қалай келгені әзірге белгісіз. Қазіргі таңда, полиция қызметкерлерлері аталған факті бойынша тергеу амалдарын бастап кетті. Тергеу нәтижелері алдағы уақытта жарияланатын болады. 

 

[:]