АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қалыңдығына ашуланған қызылордалық күйеу жігіт «Ұзату тойынан» кетіп қалған[:]

[:kz]

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші кейде тойдың өзінде де көпшіліктің жағасын ұстатып, таңданасын тудыратын жағдайлар кездесіп жатады. Сондай елді елең еткізген оқиғаның бірі Қызылорда өңірінде орын алған. Қалыңдығының ескертуіне ашулаған жас жігіт «Ұзату тойынан» кетіп қалған. Оқиғаның жай-жапсарын тойға қатысқан Ақмарал есімді келіншек айтып берді деп жазады KAZNUR.KZ.

 

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

 

Ақмаралдың (ред. ескертпе кейіпкердердің аты өзгертілген) айтуынша, үлкен өмірге қадам басып жатқан бойжеткен өзінің немере сіңлісі екен. Оқу бітіріп, жұмыс істеп қалған Сұлушаш үшін ата-аналары біраз уақыт уайымдап жүрген екен. Алайда қыздары 27 жасында болашақ жары Дастанды кездестіріпті. Бір-бірін ұнатқан жастар көп ұзамай үйленетін болып шешкен.

«Сұлушаштың жаңалығын барлығымыз қуана қабылдадық. Түр сымбаты келіскен сіңлімнің тұрмысқа шығып, бөлек отбасы болғанын тілейтін едім. Жолықтырған азаматы оқыған әрі ауқатты жердің баласы болып шықты. Екі тарап кездесіп, той күнін белгіледік. Сіңлімді қолдан ұазататын болғандықтан, дайындықты ертерек бастап кеттік. Сұлушаштың анасы бірден дүниесімен беретін болып шешті. Әулиет болып қаржылай көмектесіп, қолдау білдірдік», — дейді қызылордалық келіншек.

Сұлушаш үйінен ұзатылатын болған. Үйдің ауласына ұзынынан шатыр құрылып, келген қонақтарға ыңғайлы жағдай жасалыпты. Болашақ құдалар белгіленген уақыттан кешікпей келіп, қазақы салт-дәстүрлер ретімен жасалған екен. Алайда «сәл ұрттап» келген күйеу жігітің жүріс-тұрысы көпшілікке жақпай қалған көрінеді.

«Күйеу жігіттің ішіп келгенін байқадық. Бірақ той болған соң аса мән бермеуге тырыстық. Болашақ жарының түрін көрген сіңлімнің де көңіл-күйі бұзылып кетті. Кейін сұрастырғанымызда, күйеу баламыздың ішімдікке жақындау екенін білдік. Қуаныш болғандықтан, Сұлушаш та өзін сабырға шақырып отырды», — дейді Ақмарал.

Жастардың арасындағы жанжал «Сырға салу» жоралғысынан кейін басталған. Сұлушашты жеңгелері ортаға алып шығып, құлағына бриллиант сырға таққан. Көпшіліктен байғазы сұраған қалыңдықтың қуанышында шек болмаған. Алайда жастар отырған бөлмеден сәлден соң шу шығыпты.

«Сұлушаш болашақ күйеуіне «арақ іше бермеші, мені масқара еттің ғой» деген екен. Сіңлімнің осы сөзіне күйеу баламыз бұлқан-талқан ашуланып, балағаттай жөнелді. Құдағайымыз дереу жастар отырған бөлмеге қарай жүгірді. Алайда үлкен кісі баласын тыныштандыра алмады. Үлкен бөлмеден ашуға булығып шыққан Дастан аяқ киімін киіп кетіп қалды. Екі ортада сасып біз қалдық», — дейді әйел адам.

«Ұзату тойы» күні мұндай болады деп күтпеген Сұлушаш көз жасын тыя алмай, тойдың шырқы бұзылған көрінеді.

Дегенмен күйеу жігіт бір жарым сағаттан кейін келіп, қалыңдық құтты жеріне ұзатылған.

«Әйтеуір дегенде Дастан зорға келді. Оның өзінде ағасы сүйреп келіпті. Сұлушаш біраз уақытқа дейін сыртқа шыққысы келмей қалды. Бірақ тойдың аты той болғандықтан амалсыз ұзатылып кетті. Қазір үйленгендеріне екі айдан асты. Екеулерінің аралары қандай болып жатқаны бізге белгісіз. Бастысы жастар бақытты болса деймін», — дейді келіншек.

[:]