АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Қалтаны ойлап кеттің»: әншілермен бірігіп ұтыс ұйымдастырғандардың Ахметбектің шәкірттері екені рас па? (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Әншілерді құрығына түсіріп, халықтың ақшасын қанаған ұтыс ұйымдастырғандар кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланың шәкірттері екені мәлім болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтылды. 

Ұтыс ойындарынан опық жеген халықтың қарасы аз емес. Әншілермен бірлесе отырып, лотерея ойындарын, қомақты қаржыға ойнатқан алаяқтардың кім екені анықталды. «Бұл іске Ахметбек Нұрсиланың тікелей қатысы болуы мүмкін бе!?», — деген сұраққа белгілі кәсіпкер өз жауабын беріп те үлгерді. 

«Сен Алашты емес ақшаны, халықты емес қалтаны ойлап кеттің дедім де шығарып тастадым. Маған жасаған жаманшылығы жоқ. Бірақ сөз де айтқан жоқ, қарсы да келмейді. Балам сияқты болды», — дейді кәсіпкер. 

«Шәкірттерінің жасаған тірлігіне көзі жетіп, дәлелдер толып тұрса да кәсіпкердің ұялатын сиқы байқалмайды. Олардың кәсіптеріне төрелік еткен мен емес», — деді де басын ала қашты. 

«Егер де осы ойнатып жүрген адамдардың бәрінің үстінде мен тұратын болсам, бүкіл халықтың қарызы, қарғысы менің мойныма ілінсін», — деді Ахметбек Нұрсила. 

[:]