АЛТЫНОРДА
ИнтервьюНовости Казахстана

[:kz]Қалдыбек Құрманәлі: Итіме ескерткіш қоямын, уәдемде тұра алмасам, қалған сөзімнің біреуіне сенбеңдер [:]

[:kz]

 

Танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі көп жылдар бойы өзіне адал дос бола білген итіне ескерткіш қоятынын мәлімдеді. Ол жануарына деген құрметін осылай білдірмек. «Ал уәдемде тұра алмасам, басқа бірде-бір сөзіме сенбеңдер», деп мәлімдеді ол. Бұл туралы Құрманәлі Аман Тасығанның TalkLike жобасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Композитор үш рет өлім аузынан қалған. Жуырда оның жүрегіне ота жасалған. Құрманәлі «өлемін» деп ойлап, операцияға кірмес бұрын жақындарымен қоштасып, ал итінен кешірім сұрап үлгерген. 

«Өмірмен қоштасып қойған адаммын. Бірнеше адаммен қоштастым. Отаға кіретінімді білдім, оянамын деп ойлаған жоқпын. 

Бірге жүрген адал достарым болды. Менде де жетіскен мінез жоқ, ренжітіп қойған адамдарым болды. Екі-үшеуіне хабарласып, кешірім сұрадым. Сонда да: «Сен мені ренжіттің ғой», — деп айтпаған. Сол үшін сұрадым. Ал «ренжіттің» деп айтқан адамдардан сұрамадым. Табылды Досымовтың әруағынан кешірім сұрадым. Қайтыс болғанда топырақ сала алмадым. 

Итімнен кешірім сұрадым. «Саған ескерткіш қоямын деп едім, өліп кетсем, қоя алмайтын болдым ғой», — дедім. Енді тірі қалдым, ауылдағы үйіме ескерткіш қоятыным ақиқат. Өзі де бір балам мүсінші»,-  дейді композитор.

Құрманәлінің айтуынша, оның өмірде адал бірнеше досы бар. Алайда олардың ішінде жанына ең жақыны иті — Құтжол. 

«Аз болса да адал достарым бар. Бірақ олардың бәріне: «Ренжімеңдер, ата-анамнан кейін, Құтжолымды құрметтеймін. Сендер адал дос болдыңдар, бірақ Құтжолдан жоғары қоя алмаймын», — дедім. 

Ол туралы кино түсіріледі, кітап шығады. Егер итіме берген уәдемді орындай алмай қалсам, қалған сөзімнің біреуіне сенбе. Ұлтымды сүйетініме де, отбасымды сүйетініме де сенбе. Итіме ескерткіш қойған күні сені шақырамын», — деді Құрманәлі журналист Аман Тасығанға.

[:]