АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Қалаулым» жүргізушісі эфирдегі анайы сөзі үшін жұрттан кешірім сұрады (видео)[:]

[:kz]

Атышулы «Қалаулым» жүргізуші Шах-Керім Кәрменов тікелей эфирде айтқан анайы сөзі үшін жұрттан кешірім сұрады. Бұл туралы ол өз Instagram парақшасында жазды деп хабарлайдыKAZ.NUR.KZ.

 

Фото: Видеодан кадр/ Youtube

Фото: Видеодан кадр/ Youtube

 

Әлеуметтік желіде тележүргізушінің эфир барысында эмоциясына ерік беріп, «Қалаулымға» келген үміткерге қатысты айтқан анайы сөзінің видеосы тарап кетті. Ал атышулы бағдарламаның көрермендері де журналиске өз реніштерін білдіріп жатты.

Осы тұста өз қателігін мойындаған Шах-Керім Кәрменов барша жұрттан кешірім сұрады.»Мен бұл жұпқа қатты сенген едім. Нұртаза келгенде «әй осы қыз бір бағын тапты-ау» деп қуанышымды да жасыра алмадым. Сондықтан бұл мәселе ерекше толғандырды бүгін. Сабинаға ризамын. Не болса да сенемін деді. Маxаббаттың белгісі бұл. Менің де ойымның қате болғанына сенгім келеді. Екеуінің бақытты болғаны маған жақсы. Шын жүректен айтамын.

Бірақ бүгін эмоцияма ерік бердім. Ол қате әрине, бірақ адамды мал-мүлкіне ақшасына, бола ерекшелеген кезде шыдамай кеттім. Шынымен де Нұртазаның қалтасы мені мүлдем қызықтырмайтын тақырып. Бірақ бұл ойымды біраз ерсілеу жеткіздім. Сол үшін Сіздерден кешірім сұраймын. Құрметті көрермен»,- деп жазды ол парақшасында.

Сонымен қатар, жүректерді табыстыратын бағдарлама тізгінін ұстаған журналист жүргізуші әуелі сыпайылы пен әдептіліктің үлгісі болу қажеттігін айтқан. Осылайша, Кәрменов өзіне ескерту жасады.

 
  

[:]