АЛТЫНОРДА
Сот ісі

[:kz]Қақтығыстан кейінгі Пенжім. Оқиға орнынан арнайы репортаж[:]

[:kz]

Кеше түнде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Пенжім ауылында оқушылар төбелескен. Осы ауылға арнайы барған Express Qazaqstan куәгерлермен тілдесіп, оқиғаның анық-қанығын білуге тырысты.

Әлеуметтік желіде айтылғандай емес, ауыл сыртында арнайы блок-бекеттер жоқ. Десе де ауылда полицейлердің әдеттегіден көп екені көрінеді. Ауылға кіргенде қақтығыс кезінде бүлінген нысандар көп екенін көрдік. Бірнеше үй, көлік, кафенің терезесі сынған.

Мен кафеде күзетші болып қызмет атқарамын. Кеше түнде күзетте болдым. Бір топ баланың жүргенін көрдім. Терезені солар сындырып кетті. Топырлап жүрген соң, оларға ештеңе істей алмадым,

— дейді күзетші Қуат Сарбасов.

Ал осы ауылдың тұрғыны Әлімжан Усманов кеше сағат 20:30-да баласы Алматыдан келгенін, өзінің үйде болмағанын айтты. Сол уақытта қорасының терезесін сындырып тастады деп, баласы әкесіне қоңырау шалған.

©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН

Бірден жанталасып, балаларымды артқы үйге кіргізіп үлгердім. Қора мен камазымның терезесін шағып тастаған. Бұған себеп — бір апта бұрынғы мектептегі төбелес,

— дейді Әлімжан Усманов.

Оның айтынша, мектепке жаңадан оқушы ауысып келген. Соны ұрып, құлағын бұраған. Осыдан кейін төбелес басталған.

©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН

Балалардың төбелесі ересектердің араласуына жалғасқан. Біраз үйдің терезесін сындырған. 200-дей үйдің терезесін шаққан. Түнімен ұйықтамадық. Шамамен 70-тен астам жүрді,

— дейді ауыл тұрғыны.

Ол осыған байланысты бүгін ауылда әкімдік қызметкерлері, ауыл ақсақалдары мен тұрғындарының қатысуымен жиын өткенін айтты.

©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН

«Көп қазақ достарым бар. Пенжім ауылында да жетерлік. Екі көршім қазақ. Жағдайымды сұрап келіп кетті. Осы уақытқа дейін бірде-бір қақтығыс болған емес. Әрдайым бір-бірімізге көмегімізді көрсетіп, қолдау көрсетіп тұрамыз, — дейді Әлімжан Усманов.

Пенжімдегі төбелестен жалғыз оқушы ғана зардап шекпеген. Түндегі қақтығыс кезінде ересек адамдардың біреуі ауруханаға түскен. Ол туралы бізге жәбірленушінің қызы айтып берді. Бірақ есімін атамауды өтінді.

Әкем қақтығыс кезінде зардап шекті. Ол қазір Жаркенттегі ауруханада жатыр. Жағдайы қандай екенін білмеймін. Қасында інім бар. Көзі мен басында жарақат алғанын айтты. Тас және дубинкамен ұрған. Үйдің қақпасы ашық тұрған. Сол кезде ұрып кеткен,

— дейді жәбірленушінің қызы.

© ЭК
© ЭК
©ЭК
©ЭК
©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН

Ауылдық әкімдік ғимаратына облыстық жедел штаб орналасқан. Алайда, ол жерден қандай да бір ақпарат алу мүмкін болмады. Бар мәліметті облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен алуға сілтейді.

Express Qazaqstan Алматы облысындағы жағдай туралы үздіксіз материал беріп жатыр.

[:]