Қайын жұртына сәлем салған күйеубаланың әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.  Ер азаматтың сәлем салған әрекеті Facebook-те жарияланды, деп хабарлады Turkystan.kz.

Желі қолданушылары күйеубаласын Құдайдай сылайтын қазақ үшін бұл салт жат екеніне сенімді. Көпшілігі сәлем салған ер адамға ашуланып, оған қарсы пікірлер жазды.

«Топас еркек», «Мен бір нәрсеге таңқалдым, осы жігіттің әкесі қайда қарап отыр екен? Намыс қайда, қаным қайнап отырғаны», «Не көрсек те таңқалмайтын болдық. Біздің қазақ ойына келген нәрсені істеп жатыр. Өздерінше бір жаңалық шығарған болып. О заманда, бұл заман күйеу сәлем салды деген не сұмдық. Еркектер әйелдің, әйелдер еркектің салтын істеп кетті» – деп жазды желі қолданушылары.

Рубрика: