Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Журналист Дина Төлепберген инстаграм әлеуметтік желісіне ел естімеген сұмдық оқиға жайлы видео жүктеді.

“Мені дір еткізер, таң қалдырар дау бұл фәниде жоқ деп ойлайтынмын. Бар екен: Шалымның шақуаты туған келініме ауды.

Түркістандық Гүлнар Ерметова отбасындағы сұмдық жағдайды енді жасыра алар емес. Оның ұлы осыдан сегіз жыл бұрын үйленіп, үйге Әсия есімді аруды алып келген. Жас келін күйеуінің ғана емес, қайын атасының да қойнында аймаласып жатыпты.

Он жеті жасында келін болып кіріп, қайын атасының қойнынан бір-ақ шыққан Әсияның балалары күйеуінен бе қайын атасынан ба?

 

Бұл жаға ұстатар жайттың ақ-қарасын ДНК сараптамасы шешіп бермек.” – деп жазба қалдырды журналист. 

Тілшінің жазғанынан түсінгеніміз, оқиғаның рас-өтірігі алдағы хабарларда сараланбақ.

Оқырмандар болса аталған бағдарламаның: “бірнеше адамның лас төсегі төңірегіндегі тақырыптан басқа айтары жоқ”, “шындықты айтса саясатты неге айтпайды”, “тағы бір аптаға созылады, соңында өтірік болып шығады”, деген сияқты пікірлер қалдырды

 

Рубрика: