16 октября, 2019 Comments Off on Қайын атасы “ұл туып бер” деп қолқалаған келіншек, азапты өмірін айтты

Қайын атасы “ұл туып бер” деп қолқалаған келіншек, азапты өмірін айтты

Алматы облысында тұратын Ақерке Қауымбек есімді келіншекті ата-енесі күйеуіңмен ажырастырамын деп бопсалап, қыздарын өздерінің атына жаздырып алған. Айтуынша, қайын атасы мұнымен қоймай, жыныстық қатынасқа итермелеген деп жазады "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 

Бағдарлама видеосынан кадр

Бағдарлама видеосынан кадр

 

Ақерке Қауымбектің ата-енесі балаларды атымызға жазып бермесең, күйеуіңмен ажырастырамын деп қорқытып құжаттарын өз аттарына рәсімдеп алған. Содан кейін Ақерке мен күйеуінің еншісін беріп, бөлек шығарып жіберіпті.

Сөйтіп, жығылған үстіне жұдырық болып күйеуі жақ ашпастан Ақеркенің үстінен әйел алып алған.

Ең сорақысы, енесі басқа жаққа кеткен кезде Ақеркеге өзінің қайын атасы ұл туып бер деп тиіскенін айтты.

"Қайын атам маған тиісетін, маған жасырын әйел бол, Бектас сені жақсы көрмейді. Маған ұл туып бер, сосын Бектастың баласы деп айта саламыз деп мені қорқытатын", -деді жабырқаулы келіншек.

Бағдарлама барысында арнайы генетикалық талдау жасатылған. Ақерке Қауымбектің екі қыздың анасы екендігі 99,9 пайыз дәлелденген. Зәбір көрген келіншек ендігі бұрынғы күйеуінің туыстарымен соттасып, балаларын өзінің атына қайта жаздырып алмақшы. Бағдарламаға арнайы келген сарапшы заңгер Ақеркеге заңгерлік көмек көрсететін болды.

 
Загрузка...

Комментирование закрыто.