АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қайтыс болған қожайынын аурухана төсегінің жанында күткен ит жұртты таңқалдырды[:]

[:kz]

Қайтыс болған қожайынын аурухана төсегінің жанында күткен ит жұртты таңқалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirror басылымына сілтеме жасап.

 

Американың Нью-Джерси штатында ит қайтыс болған қожайынын бірнеше күн бойы ауруханадағы төсегінің жанында күткен. 

Муз есімді үш жасар ит қойжайынының өліміне қатты алаңдаған. Eleventh Hour Rescue  компаниясының еріктілерінің айтуы бойынша ит әлі қожайынының қайтыс болғанын мойындай алмаған. 

NorthStar Pet Rescue орталығының қызметкерлері оған жаңа қожайын табу мақсатында иттің суретін желідегі парақшаларына жүктеген. 

«Ол өте сүйкімді ит. Оған тек жүрегін емдейтін қожайын керек», — деп жазды еріктілер.

Мәліметтер бойынша итке қызығушылық танытқандар бар.

Stan.kz

[:]