АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қайрат Нұртасты сахнада құшақтап алған жігіт оны жібермей қойды (видео)[:]

[:kz]

Сахнада ән айтып тұрған Қайрат Нұртас пен тыңдарманының видеосы желіге тарап кетті. Сүйікті әншісін көрген жас жігіт оны құшақтап, бетінен сүйіп алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас. Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Сахнада көзіне жас алған жігіт Қайрат Нұртастың портретін де салып келген.

Көпшіліктің алдында қуанышын жасыр алмаған жігітке хитмен өз нөмірін де берген.

Айта кетейік, әнші мен тыңдарманының жүрекжарды сөздері мен әзілі желідегілердің қошеметіне бөленген.»Өте керемет», «Қайраттың шынайы тыңдарманы екені көрініп тұр», «Мына жігіттің қуанышы көзінен көрініп тұр ғой», «Қайрат Нұртас бақытты әнші ғой. Тыңдармандары оны шын жүрегімен жақсы көреді».

«Мына жігіт те Қайрат Нұртастан мұндай қошемет күтпеді-ау. таңғалып қалды ғой», «Қайраттың осындай қарапайымдылығы үшін бәрі жақсы көреді ғой», «Өте керемет», «Жігіт шынайы таңданысын жасыра алмай тұр», «Жарайсыздар», — деп жазды желі қолданушылары.

  

[:]