Қайрат Нұртас Меккеде 150 адамға ауызашар берді. Әнші мұсылман алдындағы бесінші парызын орындау кезінде ауызашар жасап, сауап жинады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған altyn-orda.kz

Қайрат Нұртастың Меккедегі қайырымды ісі желіде белгілі болды. Әнші ораза ұстаған жандарға ауызашар беріп, көптің батасын алды. Желі оқырмандары жақсы тілегін үйіп-төкті. Ал ауызашарға жиналған ағайын батасын беріп жатыр. 

Айта кетейік, қонақтар арасынан Төреғали Төреәлінің ата-анасы бой көрсетті. Ал әншінің өзі Төреәлімен, Құрманәлі Бақтиярқызы, Жанқош Тұраров, имам Қабылбек Әліпбайұлымен, Ердос Қанаевпен бірге түскен суретін парақшасында жариялады. 

“KN&TT. Алла ұлық”, – деп жазды Қайрат.

“Жандарым сол, Алла ниеттеріңді, бүкіл дұға-тілектеріңді қабыл етсін!”, – деді анасы Айдарбекова. 

“Қабыл болсын, жігіттер!”, – деді Бағлан Әбдірайымов.

“Ниет қабыл болсын!”, – деді Берік Айтжанов.

“Ниетің қабыл болсын!”, “Қабыл болсын! Алланың нұры жаусын саған!”, “Ниеттеріңіз қабыл болсын! Аллахым бізге де Меккеге баруды нәсіп етсін”, “Бергеніңнің есесін Алла берсін”, – деді желі қолданушылары. 

Рубрика: