Танымал әнші Instagram парақшасында жары Жұлдыз Әбдікәрімовамен бірге түскен фотосын жариялады. Осылайша ол ел ішінде жиі айтылып жүрген “Қайрат әйелімен ажырасып кетті” деген сыбысқа нүкте қойды. 

Әнші бұл фотосында келіншегімен Көлсайда демалып жүргенін білуге болады. Оқырмандар Қайраттың жарымен түскен фотосын көріп қуаныштарын жасыра алмады. Бұған дейін Қайрат пен Жұлдыз бір-бірімен түскен фотоларын ұзақ уақытттан бері мүлде салмай кеткен еді. Жұрт оларды ажырастыға балап, Қайрат Нұртасқа реніштерін білдірген еді. Ал әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова ұлының ажыраспағанын айтан болатын.

www.oinet.kz

Рубрика: