26 февраля, 2020 Comments Off on Қайрат Нұртас 31 жасын дүркіретіп тойлады (фото, видео)

Қайрат Нұртас 31 жасын дүркіретіп тойлады (фото, видео)

Отандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Қайрат Нұртас күні кеше Алматының қақ ортасында 31 жасын дүркіретіп тойлады. Хит әндерімен халық жүрегін жаулаған өнер иесі әдеттегідей көңілді кеш ұйымдастырып, жұлдызды қонақтарының құттықтауларына бөленді. Әншінің жеке мерекесінде жасалған бейнематериалдар бірден әлеуметтік желілерде тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Қайрат Нұртас 31 жасқа толуын оңтүстік астанадағы қымбат мейрамханалардың бірінде атап өтті. Эстрада өкілі ет-жақындары мен өнердегі әріптестері үшін үлкен дастархан жайып, көңілді отырыс ұйымдастырды.

Отандық хитменнің жеке қуанышында бірқатар шоу-бизнес жұлдыздары бас қосты. Олардың қатарында: Серікбол Сайлаубек, Салтанат Бақаева, Нұрлан Еспанов, Сиви Махмуди, Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Ерғали Абдрайымов, "Азия" тобы, Абай Бегей, Нұрболат Абдуллин, Төреғали Төреәлі, Шахизада, Алтынай Жорабаева, Ерке Есмахан және тағы да басқалары бар.

Эстарда өкілдері туған күн иесіне ақ тілектерін жаудырып, өнерлерін ортаға салды. Олар ән айтып, бидің түбін түсірген.

Қайрат Нұртастың туған күн кешіндегі суреттер мен видеолар бірден желіде тарап кеткен.

Айта кетейік, бірер күн бұрын Мақпал Исабекова 36 жасқа толған болатын. Өнер иесін түнгі сағат он екіден кейін жақын достары құттықтап келген.

 
Загрузка...

Комментирование закрыто.