Танымал актер Қайрат Әділгерей инстаграм әлеуметтік желісіне видео жүктеп жұртты күлкіге қарық қылды.

 NEGE. Инстаграм әлеуметтік желісіне жүктеген бұл видеосы +230.000-нан астам қаралым жинап, +7000 -ға жуық пікір жазылған.

Бақсы-балгерге инстаграм үшін барған блогерді сынға алған актердің бұл видеосы жұртты күлкіге қарық қылды.

“Басқа амалым қалмады. Инстаграмдағы аккаунтты жоғалқанша, әлеуметтік желіге тәуелді заманда өзімізді жоғалтып алмайық. Ұшықтаушы рөлінде: Жанар ханым”,  – деп жазба қалдырды.

Желі оқырмандарының пікірі қаққа жарылып отыр. Бірі: “Өте өтімді әзіл”, “Осы кісінің осындай әзілдері ұнайды”, “Жарайсыз аға”, – десе, кейбіреулер: “Балгер? Инста үшін ғана ма, О Алла!” – деп пікір қалдырды.

 

Рубрика: