Абдулла ибн Масғуд (р.а) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

«Кімде-кім: «Уа, Алла! Расында мен құлыңмын, құлыңның ұлымын, күңіңнің ұлымын. Шыбын жаным Өзіңнің қолыңда. Маған үкімің жүруде, маған жазған тағдырың да әділ… Уа, Алла! Өзіңді атаған, құлдарыңның біріне үйреткен, Кітабыңда түсірген және ғайып іліміңде жасырған Өзіңе тән барлық есімдеріңмен бір Өзіңе жалбарынамын: Құранды жүрегімнің көктемі, көкірегімнің нұры ет, онымен қайғымды сейілтіп, уайымымды кетіргейсің!» – десе, оған уайым да, қайғы да жуымайды», – деді.
Сахабалардың бірі: «Уа Алла елшісі, біз оны үйреніп алайық па?» – деп сұрады. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с): «Әрине, кімде-кім естіп жатса, үйреніп алғаны дұрыс», – деді.

ОҚЫЛУЫ:
«Аллаһумма инни ъабдук, уа-бну ъабдик, уа-бну әмәтик, нәсияти биядик, мадин фия хукмук, ъәдлун фия қада-ук, әс-алука бикулли-смин һуә ләк, сәммәйтә биһи нәфсәк, әу ъалләмтәһу ахадан мин халқик, әу әнзәлтәһу фи китәбик, әу истә-сәртә биһи фи ъилмил-ғайби ъиндак: «ән тәжъаләл-Қурана рабиъа қалби, уа нура садри, уә жәлә-ә хузни, уә зәһәбә һәмми»

alashainasy.kz

Рубрика: