АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қадыров өзінің кәмелетке толмаған ұлдарын Украинадағы соғысқа жіберетінін айтты[:]

[:kz]

 

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың кәмелетке толмаған үш ұлы арнайы операция аймағына баруға дайындалып жатыр. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қадыровтың сөзінше, кәмелет жасына толмау отан алдындағы борышынан босатпайды.

Шешенстан Республикасының тұңғыш президенті Ахмат-Хаджи Қадыровтың немерелері – Ахмат, 15 және Адам – 16, 15 және Адам – 14 жаста. Қадыровтың айтуынша, олардың әскери дайындықтары жастайынан басталған.

Сондай-ақ, Гудерместегі Ресейдің арнайы жасақ университетінің базасында оларға әртүрлі қару-жарақпен жұмыс істеу, оларды кез келген қашықтықта қолдану, теориялық негіздері оқытылады.

«Ахмат, Эли және Адам өз әскери дағдыларын арнайы әскери операция аймағында қолдануға дайын. Және мен қалжыңдап тұрған жоқпын. Нағыз жекпе-жекте өздерін көрсететін уақыт келді, бұл олардың қалауы, мен тек құптаймын. Көп ұзамай олар майдан шебіне шығып, қиян-кескі ұрыстың ортасында болады», — деп жазды Рамзан Қадыров.

Қадыровтың ойынша, кез келген әкенің басты мақсаты – ұлдарын имандылыққа баулып, отбасын, халқын, Отанын қорғауға дайындау.

”Адырна” ұлттық порталы 

[:]