АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Əйел қолға үйретілген үй жануары емес[:]

[:kz]

 Əйел қолға үйретілген үй жануары емес. Тек ерге тигенде оның мінез-құлқын өзгертетін түрлі факторлар көп. Барған жерінің əдеп-салтына бойын үйреткенше келінге демеу, қолдау қажет. Түкке тұрғысыз айтыс-тартыс, кикілжіңдер отбасының ойранын шығарады. Ал кінəні əйелден іздейтін ер кісілердің уағыз-кеңестері отқа май құйғандай. Жиі естимін. Бірақ олардың мұны не үшін насихаттауда, соның мақсатын түсінбеймін. Əрбір ақылды əйел ерінің жүзін жерге қаратпайын деп, абыройын асқақтатуға тырысады. Жарына деген сүйіспеншілікті көзінің қарашығындай сақтауға тырысады. Жұбайынан кемшілік іздегенше күйеуі де бірге қимылдап, бірге жоспар құрып, саналы ұрпақ тәрбиелеу керек деген ер жігіттің де санасында талап, мақсат сайрап тұру керек. Əйел отбасының шырағын сөндірмеймін деп, нəпақа табады, бала тәрбиесі де міндеті жəне базар жағалап кетті. Онсызда қажып жүрген ана көп. Соңғы кездері «əйелді үйіт-бүйіт» деп, ақыл айтқыштардың айтқанын істеймін деп, отбасының шырқын бұзған азаматтар неге көбейіп кетті?

 

.facebook.com парақшасынан 

 

[:]