АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Израиль мен Палестина өзара мәмілеге келді[:]

[:kz]

Мысыр мемлекетінің қолдауымен Израиль мен Палестина қарулы қақтығыстарды доғару туралы келісімге келді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Reuters сайтына сілтеме жасап.

Иерусалим уақыты бойынша 6-мамыр күні сағат 4:30 шамасында Газа секторындағы барлық қақтығыстар жойылу керек.

Естеріңізге сала кетейік, палестиналық радикалдар 4-мамырдан бастап Изральге 600 зымыранды бомбалар жіберген. 150 зымыран израильдық «Темір қорғаныс»  әуе шабуылдарынан қорғану жүйесі арқылы жойылды. Нәтижесінде 4 израильдық қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақаттанды.

Жауап ретінде Израильдың қарулы күштері Газа секторының 300 әскери нысанына оқ жаудырған. Ғаламторда кеңінен тарап кеткен ақпараттарға сенсек, екі күнің ішінде 14 палестиналық қаза тапты.

 

«Қамшы» сілтейді

[:]