Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко америкалық Рэй Остинді үшінші раундта тізе бүктірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Айқас үш раундқа ғана созылды. Өзінен 20 жас үлкен, салмағы 29 келі ауыр Рэй Остин көпке барған жоқ. Өзінен жас әрі қайратты Иваннан үшінші раундта техникалық нокаут алды.

Иван Дычко кәсіби бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Боксшы осыған дейін барлық кездесуін мерзімінен бұрын аяқтап келеді.

Рубрика: