АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]“Итімді шығарды…”. Әріптесін атып өлтірген әскери мәлімдеме жасады (видео)[:]

[:kz]

Өткен сенбіде елімізді дүр сілкіндірген Талдықорғандағы қанды оқиға туралы тың дерек мәлім болды, деп хабарлайды «Время» газеті.

Естеріңізде болса, қорғаныс істері жөніндегі облыстық департамент басшысының әскерге шақыру жөніндегі орынбасары, 47 жастағы Асқар Оспанов 52 жастағы департамент басшысы Бердібек Берістеновты атып өлтіріп, полиция қызметкерлеріне берілуден бас тартқан едi

Ол аз болғандай, Асқар Оспанов тәртіп сақшыларына оқ жаудырып, ғимаратқа жақындатпаған.

Суыт хабар Талдықорған қаласының ішкі істер басқармасының (ІІБ) кезекші бөліміне таңғы 8 сағат 10 минутта түскен.

Сол мезетте Талдықорған ІІБ-сының жеке құрамы дабыл бойынша көтеріліп, әскери комиссариаттың аумағы қоршауға алынды. Басқа қайғылы оқиғалардың орын алуына жол бермеу мақсатында қорғаныс ұйымының ұжымы қауіпсіз жерге көшірілді.

Оқиға орнына құқық қорғау органдарының және басқа да күштік құрылымдардың басшылары жетті.

Әдетте, сәлемі түзу Алматы облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Мұрат Ұрымханов қасымыздан үн-түнсіз төмен қарап өте шықты.

Ал Оспанов болса, қаруды тапсырып, полицияға берілу туралы үгітке назар аударар емес. Ол, тіпті, көз жасын төгіп, өзіне жалбарынған жұбайының сөзін де құлағына қыстырған жоқ.

Тек өзінің жан досы – қорғаныс істері жөніндегі Талдықорған қалалық басқармасының басшысыс Ерен Мейрамбековтың айтқанына көніп, полицияға берілуге келісті.

 Облыстық департамент ғимаратынан шықпас бұрын, ол екінші қабаттың терезесінен қос ауызды аңшы мылтығын сыртқа тастады.

Сөйтіп, сыртқа аяқ басқан ол

— Генерал мырза, айыпқа бұйырмаңыз,

ол мені әбден мезі қылды, орынсыз тиісіп, жұрт көзінше намысымды аяқасты қылып, балағаттайтын, шыдамым таусылды,

— деді айыбын мойындаған Асқар Оспанов Мұрат Ұрымхановқа.

Қорғаныс істері жөніндегі аудандық басқармалардың бірінің басшысы “Время” газетінің тілшісіне қанды оқиғадан бір күн бұрын Алматы облыстық департаментінде көктемгі әскерге шақыру мәселелері бойынша мәжіліс өткенін айтыпты. Сол отырыс барысында Департамент басшысы Берістенов Оспановты орнынан тұрғызып, бет-көзіне қарамаай, балағаттаған дейді.

Қазір Асқар Оспанов тергеу абақтысында, қамауда отыр. Аталмыш фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Марқұм Бердібек Берістеновтің мәйітін кеше туыстары ұшақпен Шымкентке алып кетті. Талдықорғанда ол жалғыз тұрған екен

.dalanews.kz

[:]