АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Ішкі мәселемізді қытай елшісі шешетін болған ба?» — Қазыбек Иса[:]

[:kz]

Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяоның «Қытай және Қазақстан әскері аймақ тыныштығын қорғап, ел көлемінде түрлі-түсті революцияның орын алуына жол бермейді» деген оқыс мәлімдемесі қоғам арасында біраз дүмпу тудырып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қытай елшінің бұл мәлімдемесін кейбір қоғам белсенділері шектен шыққандық деп қабылдап жатыр. Белгілі журналист Қазыбек Исаның жазуынша, бұл қазақты таза басыну.

«Бұл қалай болғаны сонда? Қазақстандағы жағдайға, біздің ішкі ісімізге Қытай елінің, оның әскері мен елшісінің не қатысы бар?!. Әлде бізде бәрін Қытай елшісі шешетін болған ба?!. Осы еркінсіп кеткен елшінің бұған дейін де біздің елге қатысты төбеден түскендей бірнеше мәлімдемелері ел наразылығын тудырған еді… Енді мынаусы төбеден түскендей емес… төбемізге шыққандай Ашық басыну болып тұр ғой тіпті…

Өткенде «Қазақ үні» сайтында жарияланған мақаласында белгілі журналист Өмірзақ Ақжігіт: «Халық көтерілсе біздің билік Қытайдан әскери көмек сұрауы мүмкін» деп, өзінің болжамын жазған еді. Сонда «Әй, біздің Өмекең де айта береді» дегендер де болып еді. Енді міне, ондай елімізге зор қауіптің барын Қытай елшісі Чжан Сяоның өзі ашық мәлімдеп берді…», — деп жазған журналист.

Қазыбек Исаның айтуынша, бейьітшілікті қалайтын елдер бір-бірінің ісіне араласпайды. Яғни елшінің өзгенің елінде отырып, бұлайша батыл әрі ызғарлы мәлімдеме жасауы жақсылық емес.  

«Халықаралық қатынастарда бейбіт қатар өмір сүрудің бірден бір бұлжымас қағидасы – бір-бірінің ішкі ісіне араласпау емес пе?!. Ал 28 жыл болған Қазақстан мен Қытайдың әскери күштік құрылымдары арасындағы ынтымақтастық шартында біздің мемлекеттің ең басты қойған шарты – сыртқы ықтимал қауіптен бірлесіп қорғанудан бұрын… ең алдымен ішкі толқуларда қытай әскерінің күш көрсетуін сұраған секілді ғой…

Империялық мемлекеттер секілді Қытай әскерінің де аяғы жеткен жерден кейін қайтып қайтқан емес… Сонда тақты сақтау үшін Елді, Тәуелсіздікті саудаға салған келісім жасалған ба?!. Құдай сақтасын!

Ал керек болса… Бұл өз ұясының қауіпсіздігін балапандарына сенбей, айдаһарға сеніп тапсырған көкек құстың тірлігі ғой!?. Бұған жауап беретін тиісті органдар бар ма біздің елде?!.» деп жазған өзінің Facebook парақшасында.

Естеріңізде болса, Қытай Ұлттық-азат етуші армиясының құрылғанына 93 жыл толған мерекесі қарсаңында Қазақстан мен Қытайдың әскери саладағы ынтымақтастығы туралы пікір білдірдіру барысында Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо «Екі армия да мамандармен жиі алмасып, тәжірибе бөлісіп тұрады. Қос тарап осы ынтымақтастықтың арқасында әскери байқаулар мен дайындықтар ісінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Қытай және Қазақстан әскері аймақ тыныштығын қорғап, ел көлемінде түрлі-түсті революцияның орын алуына жол бермейді. Қауіпсіздік, қорғаныс, бейбітшілік үшін екі тарап та бір мүдде жолында күреседі» деп атап өткен болатын. 

Оқи отырыңыз: «Қытай елшісі елден қуылсын» — журналист 

 

[:]