АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Ішіп алғанмын дегенсің ғой»: Тойда жұлқына билеп, ән салатын әнші қалай танымал болғанын айтты[:]

[:kz]

Сахнада жұлқынып билеп, халықтың талқысына қалған Арай Ғалымжанқызы бір күнде танымал болып шыға келген. Айтуынша, оның осылай жүргеніне он жыл болыпты, деп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Қазір тек тойға ғана шығып жүрмін. Мамандығым бойынша театрда жұмыс істедім. Айлығым 20 мың ғана. Бірақ ол еш жерге жетпейді. Тойдан жақсы табыс табамын. Шынын айтқанда ол бір айлықты қазір тойдан бір сағатта табамын», – дейді Арай.

 Арайдың тойларда жұлқынып билеуіне күйеуі еш қарсы емес екен. Керісінше, қолдап отырады дейді. Ал енесі болса, тіпті рахаттана тамашалайтын көрінеді. Айтуынша, ол танымал боламын деп еш ойламаған.

«Танымал болған сайын гонорарымды да көбейтіп жатырмын. Танымалдылықтың пайдасы тиіп жатыр. Сұраныс көп. Билемей тұрсам да телефонға түсіретіндер бар. Осы стильді шамам келгенше алып жүруге тырысамын. Танымал боламын деп ойламадым. Видео Whatsapp арқылы тарап кетті. Одан кейін Instagram-ға шықты. Тойдан келгеннен кейін екі күн соң видеомды таныстарым жіберді. «Танымал боп кетіпсің. Биді жарып жатырсың» дейді. «Мен мына жақта ішіп алғанмын» дегенсің ғой. Әрине қалжың ғой», – дейді әнші. 

Stan.kz

[:]