16 июня, 2019 Comments Off on Іші күп болып ісіп кететін 4 жасар Айсұлтанға шұғыл көмек керек (фото)

Іші күп болып ісіп кететін 4 жасар Айсұлтанға шұғыл көмек керек (фото)

Ташкент асып, Шымкент, Алматы, Астана емханаларының табалдырығын тоздырғалы 4 жыл өтіпті.

Тік және тоқ ішектері қалыпты жұмыс істемейтін төрт жасар Айсұлтан есімді балақайға шұғыл көмек керек деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Марина Жұмаш фейсбуктегі жеке парақшасында жазып, дабыл қақты.

"Бұл сүйкімді балақайдың есімі Айсұлтан. Жасы төртте. Өмірге құштар, дүниеге әкелген ата-анасын, әжесін, бауырларын, жалпы адамзаттың бәрін жақсы көреді. Өзі алғыр, зерек, ақылды бала. Бірақ жүзіне күлкі үйірілген сәтті көру қиын. Көп күле бермейді. Әппақ жүзі тұнжырайды да тұрады. Өйткені, дүние есігін ашқаннан көргені аурухана мен клизма. Бұл жағдай баланың психикасына өте ауыр соққы боп тиген. Диагнозы: болезнь Гиршпрунга, ректональная форма, стадия декомпенсации осложненный Гиршпрунг ассоциированным энтероколитом, дистальным копролитом. Қарапайым тілмен айтқанда, баланың тік және тоқ ішектері қалыпты жұмыс істемейді. Үлкен дәреті тек клизма арқылы шығады. Кейде бір айға дейін дәреті шықпай, іші күп боп ісіп кетеді.

Айсұлтан 4 жылдан бері қазақстандық дәрігерлердің бақылауында. Нұр-Сұлтанда екі рет ота жасалған. Бірінші отада хирургтар ішекті бүйірден шығаруға мәжбүр болады, яғни алты ай бойы баланың үлкен дәреті бүйірінен шығып жүрді. Екінші отада ішекті қайта орнына жалғайды. 4 жыл ішінде сансыз медициналық тексеруден өтіп, ол тексерулердің бәрі тек наркоз арқылы жүргізілгенін ескерсек, кіп-кішкентай баланың қанша рет наркоз алғанын есептеудің өзі ауыр. Қазір баланың іші домаланып ісіп кеткені соншалық, соңғы УЗИ ағзаның басқа маңызды мүшелері, атап айтқанда жүрек, бауырға кері әсері тигенін көрсеткен. Нұр-сұлтандық дәрігерлер соңғы тексеру барысында ішек жолдарының жарамсыз күйге түсіп бара жатқанын анықтады.

Айсұлтанға көмек

 

Айсұлтан дәл қазір білікті мамандардың шұғыл көмегіне өте мұқтаж. 5 айлық перзентімен декретте отырған анасы үлкен ұлын әжесіне қалдырып, кішкентай сәбиін құшағына қысып, Айсұлтанын жетектеп бармаған жері, баспаған тауы қалмады. Ташкент асып, Шымкент, Алматы, Астана емханаларының табалдырығын тоздырғалы 4 жыл өтіпті. Ауылдық жерде тұратын қарапайым отбасының бюджеті де сарқылды. Отандық дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Бірақ ем қонбады. Енді бар үміт шетелдік дәрігерлерде. Қазір Корея және Израиль клиникаларымен келіссөз жүргізілуде. Әзірге екі клиникадан жауап келді. Іш құрылысын сақтап қала отырып, баланың емін қолға алуға дайын. Емдеу ақысы орташа 50 мың долларға дейін барады екен (бұл сома ем барысында көбеюі де мүмкін). Сондықтан көп болып, көмектесіп жіберейік қайырымды жандар!!!! Алла разы болсын!

Анасы - Айгерім Абдуллақызы.

Анасының байланыс телефоны: 8705 603 5344.

Көмектесемін десеңіздер Каспий голд: 5169 4931 1007 9343

                                                                 ИИН 8806 2940 1511."

Айсұлтанға көмекQamshy.kz

 
Загрузка...

Комментирование закрыто.