21 января, 2020 Comments Off on Ирактағы АҚШ елшілігі шабуылдың астында қалды

Ирактағы АҚШ елшілігі шабуылдың астында қалды

Ирактың астанасы Бағдат қаласында орналасқан АҚШ елшілігінің ғимаратының маңына үш зымыран құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы "РИА Новости" сайтында жарияланды. 

"Елшілік жақтан әуе дабылы естеледі", - делінген хабарламада. 

Жарылыс салдарынан жарақат алғандар жайлы ақпарат келіп түспеді. 

Бұл Иракта орналасқан америкалық нысандарға қарсы ұйымдастырылған шабуылдың алғашқы емес. Бұған дейін Бағдадта орналасқан әуе базасына шабуыл жасалғандығы жайлы айтылған еді. АҚШ-тың ресми өкілдерінің мәліметінше, әскери базаға қарсы шабуылдан ешкім жарақат алмаған. 

 

Загрузка...

Комментирование закрыто.