АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Інісі көлік жөндеуге шығып кеткен»: Сегізінші қабатта ілініп тұрған үш жасар қызға қатысты полиция мәлімдеме жасады [:]

[:kz]

 

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті тұрғын үйдің 8-қабатында ілініп тұрған үш жасар қызға қатысты ресми мәлімдеме жасады. ПД мәліметінше, оқыс оқиға кезінде қыздың анасы үйде болмаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еске сала кетейік, кеше күндізгі уақытта үш жасар қыз баланың «Қамал-2» тұрғын үй кешенінің 8-қабатында ілініп тұрғанын, оны елордаға жұмыс іздеп келген Сәбит Шонтақбаевтың құтқарып қалғанын хабарлаған болатынбыз. Осы оқиғадан соң бүгінгінің батырына айналған Сәбит Шонтақбаев пен оның аяғынан ұстап тұрған Сағи Жылқышиевке Нұр-Сұлтан төрінен үй беріліп, Сәбитке мемлекеттік награда табысталды.

Алайда 15 минут бойы сегізінші қабаттың терезесінен салбырап тұрған кішкентай бүлдіршіннің жағдайы мен сәбиді ата-анасының неліктен жалғыз қалдырғаны туралы ешқандай мәлімет жарияланған жоқ. Осы орайда, KAZ.NUR.KZ тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сауал жолдаған болатын.

Құзырлы орган мәліметінше, кішкентай қызды анасы 32 жастағы інісіне қалдырып кеткен.

«Сегізінші қабатта ілініп тұрған сәбидің қазіргі жағдайы жақсы. Кәмелеттік жасқа толмаған жас баланың заңды өкіліне баланы психолог және дәрігерге қаратуға нұсқаулық берілді. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-жәрдем шақыртылып, балаға алғашқы көмек көрсетілді. Кәмелеттік жасқа толмаған баланың анасы оқиға кезінде жұмыста болған, баланы анасы өзінің 32 жастағы інісіне қалдырған.

Оқиға орын алған кезде бала қарап отырған азамат көлігін жөндетуге шығып кеткен, бала үйде жалғыз қалған. Баланың заңды өкіліне сәбиді өз інісіне қалдырғаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделмеген. Оқыс жағдайдан соң кәмелеттік жасқа толмаған жас баланың заңды өкілінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді», — деп жауап берді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

kaz.nur.kz

 

[:]