АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Илья Ильин: Тоқаевты Елбасының өзі ұсынғаны үшін қолдаймын[:]

[:kz]

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, ауыр атлет Илья Ильин алдағы президент сайлауына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы спортшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының Қызылорда облысындағы жиынында айтты.

«Менің ойымша, Қасым-Жомарт Тоқаев алда келе жатқан президент сайлауындағы ең үздік кандидат, себебі оны Елбасының өзі ұсынып, қолдау білдірді. Ал мен Нұрсұлтан Әбішұлының саясатын қос-қолдап қолдаймын. Сондықтан баршаңызды сайлауға келіп, Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырамын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзіне келетін болсам, ол – өте керемет адам, сонымен қатар саясат туралы, елдегі жағдай туралы жетік білетін, осы салада ұзақ уақыт жұмыс жасаған жан ретінде танимын. Барлықтарыңызға мені қолдап, құрметтегендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Сөз соңында тағы да, баршаңызды сайлауға келіп, Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырамын», — деп ойын қорытындылады Илья Ильин.

 

«Қамшы» сілтейді

[:]