АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ІІМ Алматыдағы оқиғадан кейін электросамокатпен жүру ережесін еске салды[:]

[:kz]

Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Алматыдағы оқиғадан кейін электросамокатпен жүру еержелерін еске салды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі ӘПК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жол жүрісі туралы» заңға сәйкес, велосипед – екі немесе одан да көп дөңгелектері бар (мүгедектерге арналған арбалардан басқа) және үстінде отырған адамдардың дене күшiмен қозғалысқа келтiрiлетiн көлiк құралы. Ал мопед – цилиндрінің көлемі елу текше сантиметрден аспайтын іштен жану қозғалтқышымен не электрлі қозғалтқышпен жабдықталған және ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден аспайтын екі немесе үш дөңгелекті көлік құралы. Мопедтерге аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, мокиктер, скутерлер және осыған ұқсас сипаттамалары бар басқа да көлік құралдары теңестіріледі. Электросамокаттар да осы тізімде. 

Аталған көлік құралдарын басқаратындар кімдер?

Жол жүрісі қағидалары бойынша, жүргізуші – көлік құралын басқаратын адам, жол бойымен мал, табын, жүк артылған, жегілген малды немесе мініс малын айдаушы.

«Сәйкесінше, аталған көлікті басқаратын адамдар ЖЖҚ білуі және сақтауы тиіс жүргізушілер болып табылады. Бұл ретте мопедтерді және оларға теңестірілген көлік құралдарын басқару құқығы он алты жасқа толған адамдарға беріледі», — дейді комитеттегілер. 

Велосипедтердің, мопедтердің, оның ішінде оларға теңестірілетін электросамокаттардың қозғалысына қойылатын қосымша талаптар жол жүрісі қағидаларының 24-бөлімінде белгіленген. Осылайша, осы бөлімге сәйкес, велосипедтер, мопедтер (электросамокаттар) велосипед жолымен, велосипед жолағымен қозғалады. Олар болмаған жағдайда-жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақтармен жүреді.

Велосипедшілерге, бұдан басқа, бұл жағдайда жол жиегімен, тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен, бірақ бұл жаяу жүргіншілердің қозғалысына қауіп төндірмейтін жағдайда ғана жүруге рұқсат етіледі. Әйтпесе, велосипедші велосипедтен түсіп жанына жетектеп алып жаяу жүргінші ретінде қозғалысты жалғастыруы тиіс.

ӘПК мопед, электросамокат және велосипед жүргізушілеріне жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынатынын ескертті.

Сондай-ақ аталған қатысушыларға рульді кемінде бір қолмен ұстамай жүруге; жолаушыларды тасымалдауға; ұзындығы немесе ені бойынша габариттен елу сантиметрден артық болатын жүкті немесе басқаруға кедергі келтіретін жүкті тасымалдауға; қатарында велосипед жолы болған кезде жол бойымен қозғалуға; трамвай жүретін жолдарда және осы бағытта жүруге арналған біреуден астам жолағы бар жолдарда солға бұруға немесе кері бұрылуға; велосипедпен немесе мопедпен пайдалануға арналған тіркемені сүйретуден басқа, мопедтер мен велосипедтерді, сондай-ақ мопедтермен және велосипедтермен сүйретуге болмайды. 

Сонымен қатар сигвей, гироскутер, бір дөңгелекті құрал және басқа да ұқсас құралдарды пайдаланатын тұлға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жаяу жүргінші болып табылады. Заңнамаға сәйкес аталған қозғалыс құралдары көлік құралдары болып табылмайды. Осыған байланысты, жаяу жүргіншілер жол жүрісіне қатысушылардың осы санатына қатысты талаптарды білуге және сақтауға міндетті, яғни жаяужолмен немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жол жиегімен жүруі тиіс.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабының 1-бөлігіне сәйкес жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың (велосипед, мопед және оларға теңестірілген көлік құралдары жүргізушілерінің) жол жүрісі қағидаларын бұзуы екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Егер аталған жол жүрісіне қатысушыларының ЖЖҚ бұзуы жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ зиян келтiруге не материалдық залал келтiрген әрекетке әкеп соқса – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Көрсетілген көлік құралы жүргізушілерінің жабдықтауына қатысты мәселе, қолданыстағы заңнамамен реттелмеген.

Еске сала кетсек, Алматыда электросамокатпен кетіп бара жатқан ер адам автобус жүргізушісімен төбелесіп қалып, артынша көлік астына түсті.

[:]