14 мая, 2019 Comments Off on «Иегова куәгерлері баспанамыздан айырды»

«Иегова куәгерлері баспанамыздан айырды»

Ақтөбеде Иегова куәгерлерінің  діни ұйымына алданып, барымыздан айырылдық деген тұрғындар наразылық акциясына шықты. Сөздерінше діни ұйым  адамдарға библия арқылы психикалық әсер жасап, жиған тергендері мен тіпті басапаналарына дейін алып алған. Бір қызығы көп елде шектеу қойылған бұл діни ұйым Қазақстанда 2012 жылдан бері еркін жұмыс жасап келеді.

Юлия Ерославцева осыдан бес жыл бұрын зейнет жастағы әжесі осы Иегова куәгерлерінің діни ұйымына кіргенін айтады. Содан бастап мінезі де, үйдегі адамдарға деген көзқарасы да өзгере бастады дейді. Ең сорақысы әжесі осы ұйымға бастарындағы жалғыз баспаналарын заң жүзінде сыйлағаннан кейін он күннің ішінде қайтыс болыпты.

«Мен адамдарға бұл ұйымның өтірік екенін айтқым келеді.  Айтатындарының бәрі жалған. Бұл ұйымның адамдары қатыгез. Адамдардың үйлерін тартып алады. Мен өзім зардап шектім. Библия деп жұртқа тарататындары да көшіріп алынған. Енді әжемнің аударып беріп кеткен үйін қайтара алмай отырмын. Екі баламмен далада қалдым», —  дейді Юлия ЕРОСЛАВЦЕВА.

Діни ұйымның арбауына түсіп сан соққандар көп дейді жиналғандар. Тек ашық айтуға қорқады екен. 

«Көбіне үлкен адамдар мен қараусыз қалған адамдарды алдайды. Балаларына қарсы шығарады. Егер солар дінге кірмесе  адам құрлы көрмейді», —  дейді осы діни бірлестіктен зардап шектім деген Аман АЙТУҒАН.

Алайда «Біз өтірікке, Иегова куәгерлерінің діни ұйымына қарсымыз» деп айқай салып келгендерге ұйымның өкілі ашуланып, сол бойда полиция шақыртты. Сөзінше діни ұйым ешкімнің ала жібін аттаған жоқ, алдағанда емес.

«Бұлардың айтып тұрғаны ойларынан шығарып алған сандырақтары. Біз ешкімді алдаған жоқпыз. Бізге қарсы шыққан түрлері. Мысалға мына қыз үш рет қылмыстық іс қозғатқысы келді бізге.  Ешқандай негіз жоқ деп жауап келді», —  деді Иегова куәгерлері діни бірлестігінің өкілі.

Жиналғандар елімізде бұл ұйымның жұмысына шектеу қойылса екен дейді.  Сөздерінше құдайды көрдік деп жұртты алдағандар ұйымға кіргендерді  библия арқылы психикалық әсер етіп халықты тонап жатыр.  Ал қазір Қазақстанда 2012 жылы қайта тіркелуден өткен осы Иегова куәгерлерінің  59 жергілікті діни бірлестігі  бар. 

«Иегова куәгерлері баспанамыздан айырды»

Жалпы Иегова куәгерлері — XIX ғасырдың екінші жартысында Америкада қалыптасқан христиандық деноминация.

Иегова куәгерлерінің ұйымының 2016 тамыз айындағы статистика бойынша, әлемде 8.3 миллионнан астам ұйымының мүшелері бар. Бұл топ 1870-ші жылдарда, Чарльз Тейз Рассел негіз салған Киелі кітап зерттеушілерінің қозғалысынан кейін пайда болған. Иегова Куәгерлері деген атауы, Киелі Кітаптағы Ишая 43:10-12 тармақтарында негізделген. Иегова Куәгерлер протестанттарға ұқсап икондарға, крестке және мүсіндерге табынбайды. Ондай табынушылықты бұл діни бірлестіктегілер пұтқа табынушылық дейді.

Фотолар автордікі.

Жас Алаш

 
Загрузка...

Комментирование закрыто.