АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«I am a singer Kazakhstan» жобасында ерекше оқиға орын алды[:]

[:kz]

Көпшілік тағатсыздана күткен «I am a singer Kazakhstan» тележобасының екінші маусымының алғашқы шығарылымы да көрерменге жол тартты. Жоба ұйымдастырушылары уәде бергендей, шоудың жарқ-жұрқ еткен сахнасы мен онда шырқалған әсем әндер бір-бірімен үйлесім тауып, ә дегеннен халықты ерекше сезімге бөледі.

Жүрек толқытар сәттер, ерекше толғаныстар, уайым мен қуаныш, төгілген көз жасы, жобадағы орын үшін тартыс бірінші шығарылымнан-ақ басталып кетті. «I am a singer Kazakhstan» шоуының алғашқы кезеңінде қазылар алқасы құрамындағы Мақпал Исабекова, Сәкен Майғазиев, Эльхан Ахмедов сынды белгілі өнер иелерін жылатқан ерекше оқиға орын алды. Оған себеп болған Алматы облысы, Жаркент қаласынан келген Мақсат Дәуренбеков есімді үміткер еді. Мақсат сахнаға Майкл Джексонның әйгілі «You are not alone» әнімен шықты. Өзін жай ғана бейне оператормын деп таныстырған жас жігіттің даусындағы тебіреніс, оның жүрекпен шырқаған әні қазылар алқасына ерекше әсер етті. Оған қоса, Мақсат іріктеу кезінде орындаған Батырхан Шүкеновтың «Отан-Ана» әнінің бір шумағын шырқап берген сәтте Мақпал Исабекова мен жанындағы серіктері көз жастарын тия алмай, жылап жіберді. Өнердегі үзеңгілес достары, марқұм Батырхан Шүкеновтың осы бір тамаша әні Мақсаттың орындауында шынымен табиғи шыққан еді.

Бұл шоуға қандай мақсатпен келдің деген сұраққа Мақсат: «Мен мұнда өзімді көрсету үшін емес, бағымды сынауға келдім. Әншілікті кәсіп етпеймін. Бірақ өнер адамдарына, олардың өміріне қатты қызығамын, таланттарына табынамын. Ал былайға уақытта бейне оператор ретінде нәпақамды тауып жүрмін», — деп жауап берді.

.qamshy.kz/

[:]