АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Хиджабтың хикаясы[:]

[:kz]

 
 
Үш ұйықтасам түсіме кірмеген жағдай болды. Өз-өзім болып, ешкімді қараламай, көргенімді жазып, парақшама салдым. Бас аяғы әр постыма лайк қоятын отыз шақты оқырманым бар. Болғаны. Содан не болды дейсіз?
Иә, әртүрлі пабликтер менің жазбамды жарыса салды. Мә, қатты марқайып қалдым. Бірақ…
Әлгі қуанышым су сепкендей басылды. Себебі, хиджаб киген әйелдер үре түрегеліп, ерлері шалқаларынан түсті.
Негатив жазды. Тіпті адамның жағасын ұстайтындай лас ойларын жазды…
Ол менің ғана ойым. Мен өз ойымды айтуға құқылымын. Оған менің азаматтық та, рухани құқығым бар.
Өкінішке орай, көңілге қатты тиген нәрсені айтқым келіп отыр. Ол не дейсіздер ғой? Хиджаб киюді құптайтын адамдардың жазбалары… Алланы айта отырып мені қарғалап, балағаттап жатқандары… Міне, сырты бүтін, іші түтін деген осы. Өмірімде бірінші рет қатты көңілім қалып таңғалдым! Шошыдым! Себебі, иманы берік адам ешқашан ешкімді қарғап, сілемейді. Адамша мейірімді түрде ойын қосар еді.
Қазақ қазақ болып қалуы керек!
 
 
Әйгерім БАСШЫБЕК.
Адырна ұлттық порталы 

[:]