Алматы облысы, Қарасай аудандық сотында қызды зорламақ болды деген айыппен ҰҚҚ қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралуда.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жәбірленуші Айя Өмірзақованың қорғаушысы Жанна Уразбахованың айтуынша, жәбірленуші өзін зорламақ болған күдіктіге кешірім бермеген.

Ал енді күдікті бойжеткеннің өзін “Моральдық өтемақы алып, кешірім бермеді”, – деп айыптап, алаяқтық бойынша сотқа бергені белгілі болды.

“Болған істен кейін күдікті енесімен бірге менің клиентімнің үйіне келген. Оған келтірілген шығын ретінде ақша лақтырған. Үйленген, үш баласы барын айтып, аяушылық білдіруді сұраған. Бойжеткен арызын алудан бас тартқан.

 
Бүгін Қаскелең қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бізбен хабарласып, алаяқтық фактісі бойынша жауап алуға келуімізді талап етті.
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Айя Умурзакова (@aiya.umurzakova)

Күдіктінің енесі мен әкесі жәбірленушінің үстінен арыз түсірген. Моральдық ақшаны алып, кешірім бермеді деп сотқа беріп отыр.

Ойланып қараңыздаршы, күштік құрылымның қызметкері бойжеткенді қатыгездікпен ұрып-соғып, оны зорламақ болып, өлтіремін деп қорқытады. Ол куәгерлердің арқасында ғажайып түрде аман қалады. Ал енді алаяқтық бойынша қылмыстық істің жауапкеріне айналып отыр”, – деп жазды Жанна Уразбахова.

 

Рубрика: