АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Халықты сайлауға шақырған жұмыртқалар депутаттардың қызығушылығын тудырды[:]

[:kz]

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігі сүт, құрт, май және ет өнімдерін алып келіп, мәжілісті бір сәтке базарға айналдырғандай болды. Депутаттар, әсіресе, жұртты сайлауға баруға «шақырған» жұмыртқаны айналшықтап шыға алмады, деп хабаралайды КТКарнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Көптің қызығушылығын туғызған жұмыртқаның сыртында «9 маусым күні, бәріміз сайлауға барамыз» деп жазылған. Сөйтсе, бұл отандық фермердің маркетингі екен. Осылайша, қос палата депутаттарын жергілікті азық-түлікке қарық қылған ауыл шаруашылығы министрі барлық жетістігін паш етуге тырысты.

Дегенмен, нарық әлі де импортқа тәуелді. Мәжіліс спикерінің айтуынша, Қазақстан жыл сайын 45 миллиард теңгеге ірімшік, май, сүзбе мен етті шетелден сатып алады. Өнім шығаратын кәсіпорындар да толық жұмыс істемей тұр деп Нұрлан Нығматулин сынға алды.

Экспорт көлемі де мүлдем төмен. Шаруалар ірі экспорттаушыға айналудың орнына, шетелден ет тасымалдауға мәжбүр. Бұл бағаның қымбаттауына да әсер етіп жатыр. Ал Ауыл шаруашылығы министрі экспорт көлемі жылдан жылға артып келеді дейді. Еліміз былтыр 9 мың тоннаны шетелге сатса, биыл бұл көрсеткішті 15 мыңға жеткізу жоспарланған.

«Бір-екі жылда еттің экспортын арттыра салуға болмайды ғой. Ол үшін алдымен малдың басын көбейтуіміз керек. Малдың басын көбейту үшін, оның азығын көбейту керек. Ауыл шаруашылығы бүгін айтып, ертең шешіле салатын дүние емес қой», — деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров. 

 Stan.kz

[:]