АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Халыққа көрсетуге қорқамын»: Мөлдір Әуелбекова сүйіктісін жолықтырды[:]

[:kz]

Мөлдір Әуелбекова әуелгі жары Арыстанды кезінде жұртқа таныстырып, тіпті бейнебаянға да бірге  түскен еді. Бұдан былай бикештің ұстанымы өзгерген. Бірінші некесінен аузы күйген Мөлдір, болашақ отағасын халыққа көрсетуді қаламайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Shownews.kz бағдарламасына сілтеме жасап. 

«Оны халыққа көрсетуден қорқамын. Себебі, ара-қатынасымызға кері әсері тиіп кетуі әбден мүмкін. Жақында жеке өмірімде жаңалықтар болады. Күтіңіздер. Сүйіктім бар. Ол жанға ешқандай талап қоймаймын. Әзірше құпия болып қала берсін. Уақыты келгенде білесіздер. Келесі клиптің сюжетінде баянды махаббатты суреттейміз. Тың туындымды сүйіктіме арнағаныммен, басқа жігітті актер етіп таңдадым», – дейді Әуелбекова.

Бұл жолы жеке өмірін  құпия ұстағысы келген әншінің бірінші некесінен ұлы бар. Жалғыз басты ананың айтуынша, баласы әке мейірімін көрмесе де тағылымға толы тәрбие алып жатыр.

«Балам биыл 3 жасқа толады. Жағдайы жақсы. Өте көпшіл болып өсіп келе жатыр. Тұңғышымның көңілін тауып, қолымнан келгенін аянбаймын. Әкесімен араласып тұрады. Бірақ,  өзімде әке орнын толтыруға тырысып жүрмін. Ұлым өте тәрбиелі, мінезі ашық, ешкімді жатырқамайды», – дейді әнші.

Сәтсіз аяқталған некеден кейін әнші  өнерді емес, отбасы құндылығын басты назарға алған. Әуелбекованың ендігі мақсаты – әйел бақытын сезіну!

«Менің алдағы жоспарым тұрмысқа шығу, бала туып ұлыма бауыр сыйлау. Содан кейін шығармашылығымды дамыту», – дейді Мөлдір Әуелбекова.

 Stan.kz

[:]