АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Халық – террорист емес»: Жаңаөзен жұрты тағы митингке шықпақшы[:]

[:kz]

 

Жаңаөзенде жұмысшылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына үндеу жолдады деп жазады ҚазТАГ қа

сілтеме жасаған qonaev.info/

Наразы топ құқық қорғаушылар тарапынан жүргізіліп жатқан азаптауды тоқтатуды талап етуде.

«Біз Жаңаөзен қаласындағы «КЕЗБИ» ЖШС жұмысшылары Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйене отырып, бейбіт митингке қатысқан қарапайым халыққа көрсетіліп жатқан азаптауды тоқтатуын талап ету мақсатында осы видеоны жаздық. Егер қудалау тоқтамайтын болса біз ертең бейбіт митинг ұйымдастырамыз», — деді ондаған адамнан тұратын наразы топ өкілдері.

Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа айтқан әрбір мәлімдемесін жібермей тыңдағанын да айтты.

«Сіз осындай мәлімдемелеріңіздің бірінде бейбіт митингке шығып, заңды бұзбаған азаматтарға алғыс айтып, оларды қудалауды тоқтатуды талап еттіңіз. Алайда, күштік құрылымдар өз құзыретін асыра пайдаланып, адамдарды үйінен алып кетіп, жасамаған қылмысын жасады деп мойындатуда. Куәгерлер жетіп артылады. Сондықтан біз Сізден құқық қорғау органдары тарапынан жүргізіліп жатқан қудалау мен азаптауды тоқтатуды талап етеміз. Халық – террорист емес», — деді жұмысшылар.

 

[:]