АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Халық күніне 3,5 килограмм алтын сатып алуда[:]

[:kz]

 

Шілде айында банктер жалпы салмағы 113,1 кг болатын алтын құймасын сатты.

Шілде айында екінші деңгейлі банктер мен айырбастау пунктері алтын сату  бойынша рекорд орнатты. Маусым айында –109,6 кг, мамырда – шамамен 62,2 кг алтын сатылды, ал бұған дейінгі сатылым көлемі орташа есеппен айына 20 киллограмға да жетпейтін еді.

Сатып алынған құймалардың орташа салмағы да өсуде. Егер мамыр мен маусым айларында ол шамамен 32 грамм болса, шілдеде 42 грамға жетті. Осы айда қазақстандықтар 2 712 құйма, яғни күніне 87,5 данадан сатып алды. 2017 жылы осы бағдарлама басталғаннан бері халыққа сатылған құймалардың саны 30,8 мың бірліктен, ал салмағы – 1,1 тоннадан асты.

«Алтын құймалардың бес түрі бар: 5, 10, 20, 50 және 100 грамм. Сатып алушылар арасында салмағы 10 г құйма сұранысқа ие. Оның жалпы сатылымдағы үлесі 27% – 8 206 дана. Одан кейін 100 г – 6 491 дана (21%), 5 г – 6 326 (20%), 20 г – 6 045 (20%), 50 г– 3 787 (12%)», —  дейді Ұлттық банк.

Құймаларды сатып алу бойынша өңірлер арасында Алматы көшбасшы, (сатылған құймалардың жалпы санының 54%),  одан кейін Атырау (16%), Нұр-Сұлтан (10%) және басқа да өңірлер (20%). Алайда алтынды кері сатушылар жоқтың қасы. Ұлттық банк бұл жағдайды инвестициялардың ұзақ мерзімді сипатымен байланыстырады.

«Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап  жалпы салмағы 3 кг 114 өлшемді құйма қайта сатып алынды», — деп атап өтті Ұлттық Банкте.

Шілдедегі рекорд

Алтын құнына келетін болсақ, шілде айында ол 15,4%-ға, 3,5 мың теңгеге қымбаттады. Ұлттық банктің мәліметінше, тамыз айының басында ресми түрде бұл қымбат металдың құны 26,5 мың теңгені құрап, тарихи максимумды жаңартты. Бірақ мұндай баға ұзақ уақыт бойы сақталмады. 10 тамызда 1 г алтынның құны 27,7 мың теңгеге жетті.

Бұл әлемдегі баға рекордтарының жаңаруы аясында болды. 4 тамызда троя унциясының құны алғаш рет 2 мың доллардан асты, содан кейін ол 2 700 долларға көтерілді.

Сарапшылар бұған елдердегі әлсіз монетарлық саясат, нөлдік немесе теріс пайыздық мөлшерлемелер, инфляция мен доллардың құнсыздануынан қорқу, сондай-ақ негізгі экономикаларды қалпына келтіру жылдамдығының түсініксіз перспективалары себеп болды деп түсіндірді.

Қазір инвестиция салуға бола ма?

Бағалар жылдам өскеннен түзету шаралары қолға алынды. 11 тамызда өткізілген сауда кезінде унция құны 1 940 доллардан төмен түсіп, 6,4%-ға арзандады. Алтынмен бірге басқа металдардың, атап айтқанда күміс пен палладийдің бағасы түзетіледі. Сарапшылардың пікірінше, өсудің негізгі факторлары қазірдің өзінде артта қалды. Сонымен қатар, оң факторлар инвесторлардың басқа құралдарға ауысуына мүмкіндік берді.

Бұл факторлардың арасында жақын арада коронавирусқа қарсы вакцина шығаруға уәде берген фармацевтикалық компаниялардың жаңалықтары да бар. Ресей тіпті жұмыс нұсқасы толығымен дайын екенін айтты, бірақ әлемде бұл жаңалыққа айтарлықтай скептицизммен қараушылар көп. Алайда, сарапшылар бірнеше айлық өсудің қарқыны тоқтағаны туралы айтуға ерте деп санайды.

«Әзірге нарықтардағы белгісіздік өте жоғары деңгейде.

Инвесторлар портфельдері үшін қорғаныс активтерінің маңыздылығын төмендету және алтын трендінің өзгеруі туралы айту ертерек»,

— деп атап өтті «Коммерсант» басылымына берген сұхбатында «KSP Капитал активтерді басқару» талдаушысы Михаил Беспалов.

kaz.365info.kz

[:]