АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Хайп қумадық»: Ақтөбеде боранды күні «снегоходпен» ұзатылған қыз мән-жайды айтты[:]

[:kz]

Ақтүтек боранға қарамай «снегоходпен» ұзатылып, желіде хит болған 21 жастағы ақтөбелік қалыңдық KAZ.NUR.KZ тілшісіне эксклюзивті сұқбат берді.

"Хайп қумадық": Ақтөбеде боранды күні "снегоходпен" ұзатылған қыздың тойы қалай өтті

Фото: Қалыңдықтың жеке мұрағатынан

Сәния Смайл Ақтөбе облысы Алға ауданы Есет батыр ауылының тумасы.

«25 қаңтар күні біздің ауылда ұзатылу тойым болды. Ертесіне жігіт жақ алып кететін кезде қатты боран басталып, айнала көрінбей қалды. Ал сол күні қалада той.

Машинамен жүруге ешқандай жағдай болған жоқ. Алғаға жету үшін ауылдағы «снегоходты» жалдағаннан басқа амал қалған жоқ.

Каритаға жолдасым екеуміз отырып, жолға шыққан түріміз. Себебі кешкі тойға қаншама халық шақырылып қойды», — дейді жас келіншек.

"Хайп қумадық": Ақтөбеде боранды күні "снегоходпен" ұзатылған қыз мән-жайды айтты

Фото: Келіншектің жеке мұрағатынан

Жас жұбайлар 12 шақырым болатын аудан орталығына 30 минутта жеткен.

«Ауданға жеткен соң Алға әкімдігінен көмек сұрап, кешке болатын тойға құдалардың жетуіне көмектесуді сұрадық. Әкімдіктің араласуының өзінде құдалар тойға кешкі сағат 10-да жетті«, — дейді Сәния.

Олар өздерінің желіде қызу талқыға түскендерін той өткеннен кейін ғана көрген.

"Хайп қумадық": Ақтөбеде боранды күні "снегоходпен" ұзатылған қыз мән-жайды айтты

Фото: Келіншектің жеке мұрағатынан

«Біз ол видео әлеуметтік желіге шығып кетеді деп ойлаған жоқпыз. Адамдар әртүрлі пікір жазып жатыр.  «Келіншектің мінезі боран секілді болған шығар», «жаңа хайп», «олар жете алмай қайтыс болған екен» деп те пікір қалдырғандар бар.

Біз хайп қуып, пиар жасауды ойлаған жоқпыз. Оқығанда шошып кеттік. Бір жерге шығарайық деп әдейі түсірген де жоқпыз», — дейді Сәния Смайл.

Жас келін ауыл мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді. «Келін шай» беріп жүріп, сұқбатқа уақыт тапқан жас жұбайларға бақытты өмір тілейміз.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде қарлы боранға қарамастан, арнайы қарда жүретін көлік түрімен ұзатылып бара жатқан арудың видеосы тараған болатын.

 

[:]