АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Хабибпен қашан шығасың»: Бейбіт Құшқалиев Айдар Тұрғамбекті ұрып жықты (видео)[:]

[:kz]

Айдар Тұрғамбекті ұрып жыққан Бейбіт Құшқалиев жұртты таңқалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі желідегі парақшасында төбелесіп жатқан бейнежазбасын жүктеген. Бейбіт Құшқалиевтің рингтегі қарсыласы сахнадағы әріптесі Айдар Тұрғамбек болып шықты. Айдарды астына алып, ұрып жыққын ол осылайша өзінің мықты екенін көрсеткен. 

«Айдар Тұрғамбек інішекпен греплинг», — деп жазды Бейбіт Құшқалиев.

Мұны көрген желідегілер таңқалысын жасыра алмады. Олар жарыса пікір жазып, әншілерге күреспеуге кеңес берген. Оған қоса жұрт Бейбіт Құшқалиевтің күшіне разы болған.

Қазақ жігіттері мықты болуы керек, жарайсыздар!», «Ән айтып жүре берсеңдерші», «Бәке, Хабибпен қашан шығасыз?», «Бейбіт, недеген мықты едіңіз, жарайсыз», «Әдемі күрес», «Батыстың жігіттері мықты ғой», «Сөзбен шеше салмадыңыздар ма, Айдекең қиналып кетті ғой», — десті жұрт.

[:]