17 апреля, 2019 Comments Off on “Хабарласпадыңыз ба”: Әжемен әзілдескен Нұрболат Абдуллин жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

“Хабарласпадыңыз ба”: Әжемен әзілдескен Нұрболат Абдуллин жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Әлеуметтік желіде Нұрболат Абдуллиннің Ақтөбедегі концертінде халықты күлкіге қарық қылған қандыағаштық әженің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

"Нұрболат бір жеті бұрын "Қазақ радиосына" сұхбат берген. Сол кезде "Тәте, 18 cәуірде Ақтөбеде концерт беремін, келіңіз. Өзім орын алып қоямын" деді. Бірақ мен өзім билет алып, сонау Қандыағаштан келдім", - деп әрі қарай батасын берді әже.

Әнші өз кезегінде қариядан неге радиодан кейін өзіне хабарласпағанын сұрады. 

 

"Бұл туған қаламда болған жағдай. Негізі ұмытпағанмын. Жәй ғана есімнен шығып кетіпті. Баламдай көремін деген апамды анамдай көремін ғой! Апама екі билет дайын. Келсін, күтемін", - деп жауап берген болатын әнші. 

Загрузка...

Комментирование закрыто.