Продюсер Гүлзира Айдарбекова елдегі тәртіпсіздік кезінде жақындарынан айырылғандардың барлығына көңіл айтты. Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы қазақстандықтарды мықты болуға шақырды деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық порталы 

Гүлзира Айдарбекова Instagram желісінде жерлестеріне қолдау білдірген жазба жариялады.

Ол Қазақстан әлем картасында қуатты мемлекетке айналады, экономикамыз қарқынды дамып, азаматтардың әлеуметтік жағдайы жақсарады деген президенттің халыққа Жолдауынан үзінділермен бөлісті.

“Осы сөздерге сенім білдіре отырып, “Әумин” дейік. Зардап шегіп, өртке оранып, қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Жатқан жері жаннатта болсын. Ал енді жанымызды жараламауымыз керек, бүлікшілер мен арандатушылардың Алла жазасын берсін”, – деп жазды ол.

Посттың астына продюсердің жазылушылары өз пікірлерін қалдырды.

“Президент Тоқаевқа сенеміз. Баршамызға күш-қуат”, “Әумин, халқымыз тату-тәтті өмір сүрсін. Мемлекет басшысына алғысымызды білдіреміз. Қиын-қыстау заманда халқын тастап кетпеді”, “Тыныштық болсын”, Сіздерменбіз, қазақтар, бауырларымыз”, “Халқымызға тыныштық берсін”, “Туған Қазақстанымызға бейбітшілік пен гүлдену тілеймін!” – деп жазды олар.

Рубрика: