16 июня, 2019 Comments Off on Гүлзира Айдарбекова келінінің инстаграм парақшасы туралы пікір білдірді

Гүлзира Айдарбекова келінінің инстаграм парақшасы туралы пікір білдірді

Әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова көпшілікке ренішін білдірді. Ол келіні Жұлдыздың атынан жалған парақшалардың толассыз ашылып, ондағы жазбалардың мән-мағынасыздығына қынжылады. Қанша бұғаттағанымен, әсері болмағандықтан, арнайы ескерту жасағанды жөн санапты. Бұл туралы продюсер инстаграмдағы өз прақшасында жазба қалдырды.

Өз балаларынан қарағанда келіндерін көп мақтайтын ана, бұл жолы да отбасының жұлдызына араша түсіпті. Оқырман санын көбейту үшін жалған парақшалар ашып қана қоймай, ерсі әрекеттер мен пайдасыз жазбаларды ел назарына ұсынатын көрінеді. Ал, елдің басым көпшілігі "келініңіз ұятсыз жазба жазады" деп хат жолдайды екен. "ЕСКЕРТУ: Жұлдыздың атынан небір парақшалар ашылып, ойына келгенін салып, ойларына келгендерін жазып бір жағынан күлкі еткісі келсе, екінші жағынан оқырман жинап әлек.

Менің келінім, ойына келгенін жазып отыратын санасыз емес. Мұндай сайқымазақтары үшін пайдаланғандары үшін қарап қалмаспын.

Сіздерден өтініш: кез-келген нәрсеге алданып, Жұлдызға сұрақ қойғандай жалған парақшаларға жазбай-ақ қойсаңыздар екен. Қайраттың парақшасына және менің парақшама xалық, Жұлдыз неге бұлай сөйлейді, неге тынышталмайды т.б жүйкеге тиетін сөздер жазып мазалауда. Тіптен жыныстық сұмдықтарды да салып елді таң қалдыруда, блогқа қойып үлгермейсің. Жалған парақшалардың ақша табу, подписчик жинау сияқты қара ниетпен жазылған сөздерге сене бермесеңіздер. Жұлдыздың нағыз парақшасында 1 миллион 200 мың оқырман екеніне қарап, көз жеткізіп, түсіністікпен қарасаңыздар.

Жалған парақша ашып,біреудің кейпінде әңгіме айтып отырғандар, ертең нағыз алаяқ болатыны анық", - деп келінінің жеке парақшасын жарнамалауды да ұмытпады. Өз кезегінде Қайраттың отбасының жанкүйерлері, Гүлзира ханымың жанашыр ене екенін алға тартып, отбасына амандық тілеп, пікір білдіріп жатыр. «Жұлдыздың ақылды ,саналы, иманды қыз екенін 10 жыл үнсіз отырған жайымен түсінуге болады, ақталмасаңызда болады, кімнің-кім екенін халық біліп қойған», «Нағыз жанашыр енешка екенсіз», «Жұлдыз ханымдай келін сізде бар сіз и Кайрат ағамызда бақытты шығар. Бақытты болыңыздар! Ин Шаа Аллах» деп жазып жатыр оқырмандар.

 

ERNUR.KZ 


 

Загрузка...

Комментирование закрыто.