АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Гүлнара Каримованың азаматтық күйеуінің фирмасы сатуға қойылған[:]

[:kz]

Өзбекстанда «EDEL VEYS-ALI» компаниясының 100 пайыз акциясы сатылымға қойылған деп хабарлайды жергілікті Гранд радиосы.

Фирма барлық қарыздары, мүліктерімен бірге сатылымға қойылған.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, сату демпинг тәсілі арқылы жүзеге асады. Бастапқы бағасы 4,1 млрд. сум (480 мың доллар шамасында). Аукцион алдағы 8 мамырда өтеді.

Осыған дейін Өзбекстанның бас прокуратурасы Гүлнара Каримованың азаматтық күйеуі Рустам Мадумаровтың да коррупцияға қатысы бар деп айыптаған. Ол 2014 жылы ұзақ мерзімге түрме жазасына кесілген.

Швеция прокуратурасы болса Рустам Мадумаров Гүлнара Каримова шетелдік ірі телекоммуникациялық компаниялардан пара алған кезде, делдал болуы мүмкін деп отыр.

Abai.kz

[:]