Жер учаскесінің жалпы ауданы 5,4 гектар. Ғимараттар мен құрылыстардың жалпы ауданы – 5016,1 шаршы метр

Өзбекстанда журналистерге Гүлнара Каримовадан тәркіленген және сатылымға қойылған “Сиджак” демалыс үйі көрсетілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kun.uz басылымына сілтеме жасап. 

Жылжымайтын мүлік Ташкент облысының Бостанлык ауданында, теңіз деңгейінен 959 метр биіктікте, Пскем өзенінің оң жағалауында орналасқан.

Жер учаскесінің жалпы ауданы 5,4 гектар. Ғимараттар мен құрылыстардың жалпы ауданы – 5016,1 шаршы метр.

Кешен аумағында қонақүйлер, коттедждер, ашық және жабық бассейндер, теннис алаңы, спорт залдары және басқалары бар.

“Сиджак” демалыс үйі 2017 жылдың ақпанында Өзбекстанның қайтыс болған президенті Ислам Каримовтың үлкен қызынан тәркіленді. Кейіннен бұл орталық Триатлон федерациясына уақытша пайдалануға берілді.

Рубрика: