АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Головкин — өртсөндіруші, Бесбаев — дәрігер. Танымал қазақстандықтар армандаған мамандық[:]

[:kz]

Қазақстандық танымал тұлғалардың бала күнінде кім болуды армандағанын білесіз бе? Бір қызығы олардың арасында супермен болуды армандағандары да болыпты. Tengrinews.kz тілшісі еліміздегі танымал тұлғалардың бала күнінде кім болуды армандағанын анықтап көрді.  

Самал Еслямова — журналист

 

2018 жылдың мамырында 71-ші Канн кинофестивалінде «Үздік әйел ролін» жеңіп алған Самал Еслямова анасы пошташы, әкесі орманшы болып қызмет еткен. Самалдың әкесінің айтуынша, ол ешқашан актриса атануды қаламаған екен. Балалық шағынан бергі арманы журналист атану болған екен. 

Актриса мектеп бітіргеннен кейін Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне құжат тапсырған. Алайда емтихан нәтижесі бойынша балл жетпей қалған. Самал өнер әлеміне бет бұруға шешім қабылдайды. Сөйтіп өнер колледжіне аттанып, онда алғаш рет қазақ театрының актерлері курсын алды. Оқу кезінде колледжде болашақ актриса Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан музыкалық-драма театрында уақытша жұмыс істеген. Дәл сол жерде «Қазақфильм» жаңа киножобасына кастинг жүріп жатқаны туралы хабарландырды көріп, Сергей Дворцевой өткізген сынамаларға барып бағын сынап көрген. Ол бірден танымал режиссерге ұнап, бір айдан кейін Алматы киностудиясында түсірілетін «Тюльпан» картинасында басты рөлге ие болған.

Генадий Головкин — өртсөндіруші

Головкин бала кезінде футболшы болуды армандаған. Одан бөлек өзін тәртіп сақшысы не өртсөндіруші ретінде көргісі келген. Головкин бокстан кейінгі сүйікті спорты футбол екенін әлі күнге айтады. Әлемнің танымал футболшыларының бірі Криштиану Роналдумен жақсы араласады әрі оның өнеріне тәнті екенін жасырмай айтады.

Нұрлан Әлімжанов — ғарышкер

Былтыр тамыз айында Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған Нұрлан Әлімжанов 1984 жылы 29 сәуірде Ақмола облысы Бурабай ауылында дүниеге келген. Ол — танымал ақын, жазушы, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Баянғали Әлімжановтың жалғыз баласы. Кішкентай кезінде ғарышкер, кейін десантшы болуды армандаған Нұрлан Әлімжанов кейін әкесінің ізімен жүріп, шығармашылыққа бет бұрады. Айтуынша, алғаш рет 8-сыныпта ән шығарған.

Нұрлан Қоянбаев — президент

КВН-ші , шоумен, актер Нұрлан Қоянбаевтың бала күнгі арманы ерекше болған. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, тарих факультетін аяқтаған. Актер «Дастархан» бағдарламасында «Жас алаш» газетіне сұхбатында өзінің өнерге қатысты емес, заң саласында білімін жалғастыратынын айтқан. «Себебі менің арманым — президент болу ғой» деп айтқан екен. Бірақ актердің сөзінше, бұл ойы тек арман күйінде қалғанын айтты. 

Мейрамбек Бесбаев — дәрігер

Әнші Мейрамбек Бесбаев та бала кезінде футболға қызығып өскен екен. Есейгенде дәрігер болуды армандапты. Алайда өнерге деген құштарлығы басым болған.

Әсел Сәдуақасова — жаңалық жүргізушісі

Жастайынан өнерге құштар болған Әсел Сәдуақасов мектепте фортепиано сыныбында оқып, ал 2001 жылы 16 жасында «Дауыс International» тобына кастинг арқылы қабылданған. 2003-2008 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Журналистика» факультетінде, 2009-2011 жылдар аралығында Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясында Наталья Дубстың сыныбында оқыған. 2003 жылы «Саранча» телехикаясына түсіп, қалың жұртқа таныла бастайды. Бір қызығы, актриса бала күнінде жаңалықтар жүргізушісі болуды армандаған екен.

Ғалымжан Молданазар — супермен

Әнші Ғалымжан Молданазар Қызылорда облысының тумасы. Ол 1988 жылы Қызылорда маңындағы Қаракөл ауылында дүниеге келген. Бала күнінде супермен болуды армандаған ол 2006 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясына түскен екен. Алайда ол актер болу оның ісі емес екенін түсінгеннен кейін толығымен музыкаға бет бұрған.

© Gakku TV

 

[:]