Алматы облысында адамдарды гипнозбен арбап, тонайтын алаяқтар тобы ұсталды. Әйелдер осындай тәсілмен алтын бұйымдар мен ірі ақшаны иеленіп отырған, деп хабарлайды Oinet.kz.

– Биылғы жылдың 17-18 қазан аралығында Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөлімшесіне Есік қаласының екі тұрғыны мен Көктөбе ауылының тұрғыны алаяқтық туралы арыз түсірді. Арызданушылардың айтуынша, гипноз арқылы алдау жолымен төрт әйел өздерінің сеніміне кіріп, доллардай, теңгедей ірі ақшасын, алтын бұйымдарын және қымбат ұялы телефонын иемденген.

Аталған фактілер СДТБТ-де ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі; 190-бабының 2-бөлігі 1-тармағы, “Адамдар тобымен жасалған алаяқтық” бойынша тіркелді – делінген өңірлік ПД-ның Instagram-дағы парақшасында. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде КПБ қызметкерлері 25 пен 42 жас аралығындағы Өзбекстанның төрт азаматын ұстады, олардан сақина, сырға және алқа сынды ұрланған алтын бұйымдардың бір бөлігі тәркіленді.

Әйелдер жәбірленушілердің ақшасы мен материалдық құндылықтарын өздеріне ерікті түрде ақысыз негізде бергенін түсіндіріп, ішінара кінәсін мойындады. ҚР аумағында тіркеусіз жүрген күдіктілер қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

oinet.kz

Рубрика: