АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Ғашық екенін айтып, үйленуге уәде берді»: Халық әртісінің қызын алаяқтар алдап кетті[:]

[:kz]

Әнші Ұлжан Айнақұлованың қызы Әсем Айнақұлова виртуалды алаяқтардың құрбаны болды. Әлеуметтік желіде ару жас жігітпен танысып, олар онлайн түрде қарым-қатынас орнатады. Ер адам оған сезімін білдіріп, үйленуге уәде береді. Осылайша жігіт қызды халықаралық платформа арқылы криптовалютаға үлкен ақша салуға көндірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әсем Айнақұлова виртуальды сымбатты жігітпен сәуір айында желіде танысады. Қызға ғашық болғанын айтқан ол үйленуге және бірінші некеден туған баласын асырап алуға уәде береді.

 

“Сеніміме кірді. Үйленетінін, той болатынын, балаларымыз болатынын айтты. Сенің ұлың – менің ұлым, сенің анаң – менің анам деді”,- дейді Әсем Айнақұлова.

Хат алмасу барысында ер адам үнемі бір инвестициялық компанияның платформасы арқылы табыс табуға кеңес берген. Нәтижесінде қыз алдымен аз мөлшерде инвестиция сала бастапты. Кейіннен көлігі мен екі пәтерін сатып ақша салған. Жалпы алғанда, виртуалды жігітке ғашық болған Әсем компанияға 100 мың доллардан астам қаражат аударады.

Оның бизнес-аккаунтының шотына көлемді сома жиналған кезде, қыз қаражат алуға тырысқан. Бұдан соң оператор салықты төлеуді сұрайды. Нәтижесінде оған карточкалық шоттағы мәселелерге байланысты ақшаны алуға болмайтыны айтылған.

“Инвестициялық платформаға ақшаны аудару керек. Black Rock деп аталады. Платформа ақшаны қабылдайды, бірақ бермейді”,- дейді Айнақұлова.

После небольшого расследования девушка выяснила, что фотография брутального героя принадлежала какому-то малоизвестному китайскому актеру. А переписку с ней вёл совсем другой человек. Онлайн-любовь за миллионы тенге длилась всего три месяца. В итоге, девушка и её мама, заслуженная артистка Казахстана, потеряли всё свое имущество, влезли в долги и сейчас вместе с семилетним ребёнком ютятся у родственников. Психологи говорят, что в ситуации с Асем могли использовать как гипноз, так и специальные приёмы внушения и воздействия на психику человека.

Біраз зерттеу жүргізгеннен кейін ол виртульды жігіттің суреті қытайлық актерге тиесілі екенін анықтайды. Ал онымен хат алмасқан мүлдем басқа адам болып шығады. Миллиондаған теңге тұратын онлайн махаббат бар-жоғы үш айға созылды. Нәтижесінде, қыз бен оның анасы Ұлжан Айнақұлова барлық мүліктерінен айырылып, қарызға батқан. Қазір жеті жасар баласымен бірге туыстарын паналап жүрген көрінеді.


 

Психологтар Әсемге гипноз секілді адам психикасына әсер етудің арнайы әдістерін де қолданған болуы мүмкін дейді.

“Сізді алдағысы келетін бірінші белгі – ақша туралы әңгіме басталғанда, яғни осы кезде сіз оны ұстап алуыңыз керек. Көбінесе бұндай әңгімелер қыздың сезімі болған кезде басталады”, – дейді Владимир Стеблянко.

Қыз полицияға арыз жазған. Бірақ тәртіп сақшылары оған көмектесе алмайтынына сенімді. Бұл ұйым мүшелерінің жұмыс ауқымы өте үлкен. Айнақұлова зардап шеккендер тек Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де бар деп болжайды.

[:]