01 июля, 2020 Comments Off on Францияда қала мэрі болған қандас қаракөзіміз қазақ еліне алғысын айтты (ВИДЕО)

Францияда қала мэрі болған қандас қаракөзіміз қазақ еліне алғысын айтты (ВИДЕО)

Иешім Саваш Махмұтқызы Париж қаласынан 60 шақырым алыстағы CREIL қаласы әкімінің орынбасары болып сайланды.

Францияда 28-ші маусымда өткен жергілікті сайлауда оның партиясы қайтадан жеңіске жетті. 2014 жылынан бері қалалық мәжілістің мүшесі болып халықаралық қатынастар бөлімін басқарған жиеніміз енді Алла бұйыртса 2026-шы жылға дейін әкімнің орынбасары қызметін атқарады.

Парижде дүниеге келген Иешім магистр дәрежесіне ие экономика маманы. 2017 жылынан бері мұғалім ретінде сабақ та береді.

Орынбасар әкім қызметіне сайлануына байланысты өзін құттықтаған ағайын туыстарға әсіресе АТАМЕКЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ қандастарымызға ерекше ризашылығын білдіріп сәлем жолдады. Әлемдегі барлық ҚАЗАҚ жастарына осындай жетістіктер тілеген Иешім жіиеніміз еңбектеніп ҚАЗАҚ атын бүкіл әлемге паш етерімізге сенімдімін дейді.

https://kznews.kz/
 

Комментирование закрыто.