Әлеуметтік желіде пайда болған қарт кісілердің видеосы қызу талқыланып жатыр. Онда кемпірін ұзақ уақыт көрмеген ата сағыныштан әйелін құшақтап, жылап қалды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бір-бірін қатты сағынып қалған қарт кісілердің жылап қауышқаны Instagram әлеуметтік желісінде пайда болды. Онда жасы келген қарт кісі әйелін құшақтап еңкілдеп жылап жатыр. Мауқын баса алмай, қайта-қайта кемпірінің бетінен сүйген оны кейуана жұбатуға тырысуда.

Жастары келсе де бір-бірін өлердей жақсы көретін ата-әженің әрекетіне желі қолданушылары сүйсініп, түрлі пікір қалдырған. Бейнежазбаның еліміздің қай өңірінде түсірлгені әзірге белгісіз.

  1. “Отыз ұлың болғанша, осырақ жарың аман болсын” деген осы”, “Ескірмеген махаббат! Ата-әжеміз ұзақ жасасын”, “Осы кісілердің жасын берсін! Не деген сезім!” “Шынайы махаббатың куәсі болдық,

    — деп жазды оқырмандар.

Рубрика: