АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Есімім — Салтанат»: Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы биологиялық ата-анасын іздейді (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Америкалық Әсия Бергер өзінің биологиялық ата-анасы Қуат пен Құралай Ашқановты іздейді. Оның айтуынша, олар Қазақстанда Семей өңірінде тұруы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz.

Қыз 2000 жылы дүниеге келген. 2001 жылы оны америкалық отбасы асырап алған, қазіргі аты-жөні — Әсия Бергер. Жаңа отбасында оның бір әпкесі, бірі сіңлісі бар, ол — ортаншы қыз. Қазір Әсия Флоридада тұрады және колледжде оқиды.

Оның, әу бастағы азан шақырып қойған аты-жөні — Салтанат Ашқанова болыпты.

«Алдымен өзімді таныстыра кетейін, менің аты-жөнім — Айжа Бергер. Бұл есімді маған америкалық ата-анам қойған. Ал қазақша есімім — Салтанат. Мені Семейден асырап алған. Мен сол жерде дүниеге келгенмін бе, ол жағын нақты білмеймін, бірақ мені асырап алған балалар үйі Семейде жалғыз-тұғын. Мені 16 айға толғанда, 2001 жылы асырап алды. Мен өзімнің биологиялық ата-анамды тапсам деп шешім қабылдадым. Осыны қалайтынмын, соның сәті енді туып тұрған секілді», — деді ол Facebook қолданушысына берген сұхбатында.
Ол әрдайым өзінің асыранды бала екенін білген. Өйткені мұны жасыру мүмкін болмаған, өйткені оның америкалық ата-анасының кескіні — еуропалық.

Ол бала асырап алу процесінің егжей-тегжейін білмейді. Тек ата-анасы ұл асырап алғысы келгенін, бірақ соңында өзін асырап алғанын біледі. 

Оның биологиялық ата-аналары — Қуат пен Құралай Ашқановтар. Қыз әке-шешесін іздеу туралы шешім қабылдаған, ал бұл шешімін оның америкалық ата-анасы қолдапты.

 

[:]